28
февраль
2023
Әкелер форумы
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай "Н. Крупская атындағы орта мектебі" КММ-де "Мақтау сөзге лайық жан - өзің ғана, әке!" тақырыбындағы әкелер форумы өтті. Форумның мақсаты – заманауи қоғамдағы, отбасындағы әкенің рөлі мен маңызын насихаттау, дәріптеу болып табылады. Өйткені, бала үшін асқар тау — Әке. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Форумға қатысқан әкелерге мектеп әкімшілігінен үлкен рақмет!















