15
май
2019
«Отбасы сағаты» Республикалық акция .
Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын құбылыс. Бала тәрбиесі- тәрбиенің бір саласы десек, жалпы адамзат қоғамының басты міндеті- перзент тәрбиелеп өсіру және оны ізгілікке баулу, өнер үйретіп, тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу. Отбасының жемісі, алтын тіреуі- бала! Өйткені, бала өмірдің жалғасы демекші осы орайда, «Н.Крупская атындағы орта мектебінде» 11 сынып оқушыларымен ата-аналары арасында «Еліміздің байлығы-отбасы!» тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді. Сабақта бейнеролик көрсетілді, арт-терапия элементтерін пайдалана отырып оқушыларға, ата-аналарға қарым-қатынас дамыту жолдары көрсетілді, кеңестер берілді



