27
май
2022
Бастауышпен қоштасу
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған кіп-кішкентай балғындар бүгін бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. Өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен, алғашқы ұстаздарымен қоштасып отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетті. Ақ жол! Бастауыш сынып түлегі! Сен еліміздің ертеңісің, саған зор үміт артамыз!






